Ауылдағы жер дауы

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.07.2021, 09:08

2471

        Қай заманда болсын қазақ арасында жер дауы біткен емес. Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтау ауылы тұрғындары арасында жер дауы өршіп тұр.   «Жер бөлімі жер бөлуде салғырттық танытып отыр» деген ауылдағы кейбір ағайынның  билікке  өкпесі  «қара қазандай» .   

    Ақтау ауылының тұрғыны, шаруа қожалығы бар Бекзат Жарылғапов Жаңаарқа ауданы жер бөлімінің мамандары мен жергілікті әкімдік жер бөлуде «бармақ басты, көз қыстыға» жол беріп отыр ма деп күдіктенеді. Оның 1800 гектар жері бар, алайда төрт түлік мал қарасы көп болғандықтан, әкімдіктен пайдалануға  қосымша жер сұраған.

Жыл сайын жер сұраған шаруаның тауы шағылып жүр, өйткені оған «жерің бар» деген желеумен жер телімі берілмей отыр. Тұрғындардың айтуынша, сырттан келгендерге әкімдік жер берген. Алайда сырттан келгендердің жер алғанын әкімдік растаған жоқ. Ауылдағы ағайын қаладан келіп, мал өсіргісі келетіндер ауыл тұрғындары атынан жер рәсімдеткен деп топшылайды.   

   – Бұл ауылда жер алып, оны пайдаланбай отырғандар төңірегіндегі мәселе шешілмей отыр. Мұны мен аудандық әкімшілікке барып, бірнеше рет айттым, бірақ нәтиже жоқ. Жер  телімін беруге қатысты конкурсты шенеуніктер дұрыс өткізе алмайды. Жерден үміттеніп жүргендер тіпті   конкурстық шараның өткенін білмей де қалды. Алақандай ауылда жер мәселесі реттелмесе, басқа не айтуға болады? Бұл жерде бір шикілік бар сияқты, шынайылық жоқ, – дейді Ақтау ауылының тұрғыны Бекзат Жарылғапов.      

  Бекзат Жарылғапов әкімдік жер беруге қатысты конкурс ұйымдастырғанда ауыл тұрғындарының пікірімен санаспайды, әділдік жоқ деп отыр. Ол енді жағдай шешілмесе, «сотқа дейін жүгініп, құқығымды қорғаймын» дейді.       

  Ал Жаңаарқа ауданының әкімшілігі болса шаруа қожалығы иесінің пікірімен келіспейтінін жеткізді. Атқамінерлердің сөзіне сенсек, 9 шілдеде ауылшаруашылық жерлеріне жарияланған конкурс әділ өткен. Конкурсқа төрт адам қатысып, жер алудан үмітті екендерін білдірген. Алайда конкурста комиссияның дауысқа салуы арқылы Ақтау ауылдық округіне қарасты Айшырақ ауылының тұрғыны жеңіске жеткен.      

   Бекзат Жарылғаповтың айтуынша, ауылда шабындық пен мал жайылымына жер сұрап жүргендер көп екен. Ал әкімдік болса «бұл  шешілген мәселе» деп жайбарақат отыр.

Тегтер: жер реформа комиссия ереже өкім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39