03.12.2020, 09:41
1350
Бұдан бұрын «Жас Алаш» Құмкөл кенішіндегі «Бектас-Қоныс» кен орнында қайғылы жағдай орын алғананы жазған болатын.
«Бектас-Қоныс» кен орнында қаза тапқандар туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.
Олардың екеуі ер адам, біреуі әйел екені анықталды. Қайтыс болғандардың екеуі Қызылорда қаласынан, үшіншісінің Сырдария ауданының тұрғыны екені де мәлім болды.
— Өрт қауіпсіздігі сақталмағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс бойынша сараптамалар тағайындалды, – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.
Жұмысшылар еңбек еткен компания қыркүйек айынан бастап жұмысын бастаған екен.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР