Көзқарасы бір азаматтар бірікті

Сайт әкімшілігі

21.04.2022, 12:23

2296

Моно қала Кентауда көзқарасы бір жастар бірігіп “Көзқарас” клубын қалыптастырды. Көзқарастың негізгі мақсаты — Кентау қаласына жаңа тыныс беру, қаладағы өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру, жаңа креативті идеяларды, жобаларды қала әкімдігі мен кәсіпкерлерге ұсыну, қала, қалаға қарасты аймақ тұрғындарының патриоттық сезімін ояту. Клубтың негізін салушылар Гүлжан Серік, Сұлтан Азат, Сәбит Макишев, Ильяс Батыршаев, Алмас Қалымбетов, Жанболат Қуанышев сынды азаматтар, ал топ жетекшісі Ахмет Өтепбаев. Көзқарастықтар мемлекеттен қаржы сұрамай-ақ, демеушілерді тарта отырып, өздері бірігіп бір айдың өзінде 3 ірі жобаны жүзеге асырды. Атап айтсақ, олар қалаға 60 түп көшет егіп, қаланы абаттандыруға үлес қосты. Сондай-ақ, білімді ортаны қалыптастыру мақсатында “Интеллект баттл” көктемгі маусым ойындарын өткізіп, 140 адам мен 35 отбасыны қамтыған қайырымдылық ауызашарын беріп, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жандарға азық-түлік себеттері мен ойыншықтарды үлестірді. Көзқарастың мүшелері алдағы уақытта да ауқымды жобаларды асыра бермек. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01