23.11.2020, 11:56
168
Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.
Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Алматы облысы, Қоянқұс ауылы, №47 орта мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары толыққанды орындалады. 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес 1 сыныпқа 124 оқушы қабылданды, қабылданған құжаттар негізінде ата-аналарға қолхат берілді.
Педагог мамандары аттестатуға стандартына сәйкес 2020 жылы 21 педагог маман аттестацияға өтініш білдірді, оның ішінде 3 педагог-модераторға, 3 педагог-сарапшыға өтті.
ЖББ есебінен сауықтыру лагерлеріне мектептің көпбалалы отбасыларынан қыркүйек айында 9 «А» сынып оқушысы Мейрамбек Исатай Балдаурен-Қапшағай лагерінде демалып қайтты.
Мектепте "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" бар.
Ол жерде ауыл тұрғындары Мемлекеттік қызмет көрсету орталығының барлық қызметтерін өз бетінше ала алады. Бұл өте ыңғайлы қызмет түрі болып табылады. Азаматтарға аудан орталығына барып керегі жоқ. Қазіргі таңда ауылымыздың тұрғындары осы қызметтерді белсенді пайдаланады. Мемлекеттік қызмет туралы әр бейсенбі сайын әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізіледі. Ол жерде сұрақтарға жауап беріледі.
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Қоянқұс ауылы,
№ 47 орта мектеп
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР