Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды

Сайт әкімшілігі

08.08.2022, 09:11

2453

Оралда кәсіпкерді өлтіргендерді іздеу жұмыстарына ішкі әскер жұмылдырылды. 

«Мой город» порталының жазуынша, ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Қаладағы белгілі кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіру оқиғасы 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында болған. Қылмыскерлер кафеде ер адамға шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ сұғып алған. Кәсіпкер терезеден көшеге қарай жүгіріп шыққанда, олар оны көлік тұрағында қуып жетіп, өлтіріп кеткен.

Күдіктілердің жеке тұлғасы анықталып, 7 тамызда полицейлер екі күдіктіге – кісі өлтірген соң қылмыс орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жариялады.

Бүгінде тәртіп сақшылары қалаға кіретін барлық жолды, сондай-ақ күдіктілер жасырынуы мүмкін делінген барлық жерді тексеріп жатыр.

«Барлық жеке құрам мен қосымша күштер күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды. Егер сіз күдіктілердің орналасқан жері туралы қандайда да бір ақпарат білсеңіз, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефонына хабарласыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», — дейді полиция өкілдері.

Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41