Сәтбаевтағы бала зорлығы: екі күдікті сот алдында жауап береді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

16.02.2021, 10:03

1293

Өткен жазда Сәтбаевта орын алған оқыс оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірген-ді. Сәтбаев қаласына ата-анасымен қыдырып келген бес жастағы баланы алдап, үйіне кіргізіп алған қаскөй оны зорлап, үйіне жасырып қойған. Кейін анықталғандай, күдікті жалғыз болмаған, оның қасында екі адам болыпты. Бейресми деректер бойынша, күдіктіге баланы ұстауға екі көршісі көмектескен. Енді сол екеуі баланы ұрлауға және зорлауға қатысушы ретінде сот алдында жауап береді. Ал «балаға зорлық жасады» деген үшінші күдікті бірнеше айдан кейін тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған болатын. Бүгінде Қарағанды облысының прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты тергеу аяқталып, істің сотқа кеткенін мәлімдеді.

         Осы дүрбелеңге қатысты полиция наразылыққа шығып, бұзақылық жасаған 57 адамды анықтаған-ды.

       Еске сала кетсек, бес жастағы қыз бала өткен жылғы 23 шілдеде  жоғалған. Сол күні түнде полиция  Сәтбаев қаласының жергілікті тұрғынның пәтерінен баланы тауып алған. Оқыс оқиғаны естіген Сәтбаев қаласының тұрғындары күдіктінің үйін қоршап, полициядан оны өздеріне тапсыруды талап еткен. Халықты сабырға шақыра алмай, амалдары құрыған тәртіп сақшылары күдіктіге полиция формасын кигізіп, пәтерден алып шыққан еді. Ашулы топтың қарасы түн ішінде көбейіп, талап етудің соңы бұзақылыққа ұласқан. Наразы болған жұрт күдіктінің баспанасына терезеден кіріп, ішін шағып кеткен. Кейін топ адам полиция бөлімі алдындағы бірнеше арнайы көлікті және бейбіт тұрғындардың біршама көлігіне  от қойып, өртеп жіберген. Прокуратураның мәліметінше, Сәтбаевтағы бұзақылыққа қатысқан 57 адам анықталған. 44 адам бүгінде қамауда отыр. Бес адам үйқамақта болса, үш күдікті кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қадағалауымен үйде.  Ал үш адам ешқайда кетпейтіні туралы жазған қолхатпен бостандықта жүр. Сондай-ақ бастапқыда бұзақылыққа қатысы бар тағы үш адамға іздеу салынған. Кейінде оның біреуі қолға түсті.         4 ақпан күні Сәтбаевта болған бұзақылық оқиғаға қатысты тергеу аяқталып, бұл іс Қарағанды қаласындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша ауданаралық мамандандырылған сотқа жіберілген. Бұл сотқа істі жіберудегі басты себеп – күдіктілер ішінде жасөспірімдер де бар.

Тегтер: зорлық зомбылық сот қылмыс жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01