Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

22.01.2021, 17:00

1872

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған Нұрымбет Сақтағанов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. Жаңа жылдың алғашқы айымен жеткен жаңалықтың «көкесін» семейліктер бүгін әлеуметтік желілерде қуана бөлісіп жатыр. Тіпті, уатсапп желісі арқылы Нұрымбет Аманұлының тағайындалуына қатысты Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде қабылданған облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімі де жарқырап шыға келді. Бірақ та, бір қызығы онда Д. Ахметовтің фамилиясы мен мөр басылып тұрғанымен, қолы қойылмағаны анық көрініп тұр.

Дегенмен, соған қарамастан семейліктер қыстың көзі қырауда проблемасы шаш етектен үйіліп, шенеуніктердің оған қатысты не шешіп отырғанын анықтай алмай сабылған жұртқа бұл ақжолтай хабар іспетті әсер еткеніне күмән жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39