Шымкенттің каналдары күрделі жөндеуден өтуде

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:07

203

Шымкентте Өтеміс елдімекенінде орналасқан Өтеміс каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков және орынбасары А.Джанбатыров демалыс күндері құрылыс жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Каналдың жалпы ұзындығы 10 шақырым, ал іргелес жатқан жер көлемі 369 гектар, қазірігі таңдағы су өткізу қабілеттілігі 1м3 құрайды.

Каналдан Өтеміс елді мекені тұрғындарының 312 үй іргелік және 15,6 га жерлеріне ағын су жеткізіледі.

Қазіргі таңға елдімекенде пайдаланып жатқан жер көлемі 90 га құрайды, себебі каналдың су өткізу қабілеттілігі төмендеген.

–Бүгінгі күні каналдың су өткізу қабілеттілігі мен сыйымдылығын артыру үшін 10 шақырымға бетондалған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта 369 гa егіс алқабы толығымен игеріліп, су өткізу қабілеттілігі 1,5 м3 құрап, жылына 250 тонна көкөніс дақылдары, 100 тонна дәнді дақылдар және 350 тонна мал азығын дайындауға мүмкіндік болады, – дейді басқарма басшысы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25