Сот-сараптама қызметі бәсекеге қабілетті бола ала ма?

Айшуақ АРАЙ

28.05.2021, 12:43

1330

Сот жүйесінде сараптама қызметінің дамуы маңызды орын алады. Еліміздегі осы жүйеде сот-сараптамасының озық үлгіде жұмыс жасауына арналған ілкімді жобалар қолға алынып келеді.

       Қылмыстың тез ашылуына  әрі сотқа келген әр істің әділ шешілуіне бірден-бір әсер ететін саланың бірі – сот-сараптама қызметі. Адамның  тағдыры шешілетін сот барысында сот-сараптамалық қызметтің әділ әрі тез жасалуы маңызды екені сөзсіз. Елімізде сот-сараптама қызметін бәсекеге қабілетті ету мақсатында жүйелі жобалар қолданылып келеді. Қазақстанда сот ісін жүргізуді, құқық қорғау органдары жүйесін, сот-сараптама қызметін  реформалау  мақсатында  маңызды қадамдар жасалуда. Сот жүйесінде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау алғашқы орында тұруы тиіс .

Осы орайда, «Болашақ» бағдарламасымен  Ұлыбританияда 55 сот сарапшысы тағылымдамадан өтіп, шетелден  тәжірибе жинап қайтты. Ал 16 сарапшы әлі сол елде оқуын жалғастырып жатыр. Екі жүзден астам маман Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Түркия, БАӘ елдерінде тәжірбие алмасып, біліктілігін арттырған.

       Елімізде сот сараптамаларын жүргізудің тиімді жобалары іске асырылып келеді. Мұндай жобалар ұзаққа созылып кететін сот-сараптама жүргізу уақытын қысқартуға, сарапшы мамандардың жүктемесін азайтуға, жеке сот сараптамасы институтын дамытуға мүмкіндіктер береді. Әділет министрлігінің мәліметінше, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қостанай, Павлодар облыстарында қылмыстық  істер бойынша сараптамалардың кейбір жекелеген түрлерін бәсекелестік ортаға беру жұмыстары жүргізіле бастаған. Бұл жоба да  сот-сараптама қызметінің дамуына өзіндік үлесін қоспақ. Бүгінгі таңда сот-сараптама  қызметіндегі дәрігерлердің жалақысын зиянды еңбек жағдайлары үшін 30 пайыздан 45 пайызға дейін өсіру жөнінде шаралар қабылданған. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеген болатын.

    – Бірыңғай сот-сараптама қызметі қалыптастырылды, сот сарапшыларының  республикалық палатасы құрылды. Осы  саланы дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар сот-сараптама жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етті, сот-сараптама қызметтерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға үлес қосты, – деді Марат Бекетаев.

       Сот сараптамасы органдарының жұмысын тиімді ету мақсатында материалдық-техникалық базасын 70 пайызға жаңартқан. Зерттеу жұмыстарын оңтайлы ету үшін заманауи функционалды  зертханалық аспаптар мен жабдықтар сатып алынған, тозып істен шығу жағдайларына байланысты компьютерлік  және кеңсе техникасы жаңартылған.

Тегтер: сот шешім үй қамақ министр экс-министр

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02