Таразда үйінде жалғыз қалған қыз бесінші қабаттан секірмек болған

Сайт әкімшілігі

10.12.2021, 12:15

2345

Таразда Ұлттық ұланның сарбаздары бесінші қабаттан секірмек болған 8 жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға 8 желтоқсан күні кешкі уақытта болған деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Терезенің жақтауында тұрған қызды көрген сарбаздар дереу полицияға хабар беріп, өздері оқушыны әңгімеге тартып, алдандырып тұрған. Сондай-ақ, олар қыздың анасын тауып, оны да оқиға орнына шақыртқан.

«Үй иесімен бірге пәтерге кіріп, қайғылы жағдайдың алдын алады. Кейін белгілі болғандай, анасы қызды сыртынан құлыптап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен екен. Ал қызы «Мені тастап кетті» деп ойлап, қобалжығаннан терезеден секірмек болған. Дер кезінде жедел көмек көрсеткен, баласын жамандықтан аман алып қалған Ұлттық ұлан жауынгерлеріне азаматша шексіз алғысын білдірді», — делінген аталған хабарламада.

Тегтер: оқиға қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48