Теміртауда көлікке көз тіккен қаршадай қарақшылар құрықталды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

21.12.2021, 12:22

1289

Соңғы кезде құрышылар шаhарының  бірқатар тізгіншілері көлік номерлері ұрланғанын жеткізіп, полицияға дабыл қаққан.  Шағымданушылардың  деректерін негізге алған тәртіп сақшылары жұмбақ қарақшыларды аз уақытта «қақпанға» түсірді. Жекеменшік   автокөлік иелерін зар илеткен жұмбақ кейіпкерлер- металлургтер қаласының қаршадай әккілері болып шықты. Топтасқан ұрылардың үшеуі де, кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушылары екен. Оның бірі-қыз, екеуі ұл бала. Бұғанасы бекімеген кішкентай ұрылар ұзын-ырғасы  7 көліктің номерін олжалаған. «Баланың ісі шала» демекші, адалдықтан гөрі, аңқаулығы басым жасөспірімдер өздері қолды еткен темір көліктің номерін иелеріне сатып алуды ұсынған.  Қазіргі уақытта суық қолды  өрендердің үстінен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тегтер: қылмыс қатыгездік тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38