Live

Павлодар облысында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

Павлодар облысының Ақтоғай ауданына қарасты Жоламан ауылындағы сүт фермасында қайғылы оқиға болды.

1

 Кәріз құдығында жүргізілген жұмыс кезінде алты адам көз жұмды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған азаматтардың қайтыс болғанын растады. Қаза тапқандардың ең кішісі небәрі 16 жаста болған.

Тағы бір 1988 жылы туған ер адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оған көмірқышқыл газынан орташа дәрежеде улану диагнозы қойылған. Қазір ол Ақтоғай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтердің жарияланбайтынын хабарлады.

Тегтер: Павлодар
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз