Шымкент демография жағынан алдыңғы орында

Сайт әкімшілігі

13.09.2020, 16:33

67

Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикада алдыңғы қатарда тұр. Қалада туылған бала саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде мегаполисте 21 168 сәби дүниеге келген.

АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, сегіз айда шаһарда 54 егіз нәресте дүние есігін ашқан.

–Осы жылы ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал, қыздарға көбіне Сафия және Раяна есімдері қойылып жатыр, — дейді Ақбота Жұмабекқызы.

Сондай-ақ, мамандардың мәліметіне сүйенер болсақ, бұл жылы 8 айда заңды түрде 3 605 неке қиылған. Ал, 643 жұп ажырасқан. Бұл өткен жылдың есепті кезеңмен салыстырғанда ажырасудың үш есеге азайғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, АХАТ бөлімі 8 айда 26 бала асырап алу құжатын рәсімдеу, 140 тегін өзгерту, 4 965 қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге алу, 112 қалпына келтіру, 3 452 қайталап куәлік беру жөніндегі жұмыстарды атқарған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 27.11.2020, 14:48
Прокурор экс-әкімге 8 жыл сұрады
Айшуақ АРАЙ 27.11.2020, 13:20
Сотталушылар наразылық көрсетіп Жезқазған түрмесіне тергеу тобы барды (видео)
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 10:49
Пневмониядан 5 адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2020, 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.11.2020, 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16