06.09.2020, 08:32
488
Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» мекемесіне қарасты аумақтағы тұқымбақта күзгі жер жырту жұмыстары басталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Орман тұқымбағында алмұрт ағашының және тау пістесінің (фисташки) тұқымын жинау, тұқымды тазалау, кептіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қарағаш, жиде, легустра егілген алқапты арамшөптерден тазарту, суғару, қопсыту жұмыстары қолға алынды.
11 гектар аумақтағы Шымсая шатқалында ағаш көшеттерін суғару жұмыстары тұрақты атқарылуда.
Айта кетері, бүгінде қала аумағындағы 14 784 гектар жер телімінде 6 миллионға жуық ағаш пен көпжылдық бұтақтар бар. Жуырда қала әкімі М.Әйтенов мұның аз екендігін айтып, қаланың жасыл-желек қорына ревизия жасауды, жаңа көшелердің бойына су жүргізуді, ағаш егудің бес жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР